Иранның қазіргі қауіпсіздігі Ислам революциясы шәһидтерінің қанына қарыздар
ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның қазіргі қауіпсіздігі мен елдің аймақ пен әлемдегі маңызды орнын Ислам революциясы шәһидтерінің қанына қарыздар деп атады.
ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабибулла Сайяри бейсенбі күні Теһранда ақпарат саласындағы шәһидтерді еске алу рәсімінде: «Иран мен аймақтағы басқа елдердің қауіпсіздік жағдайын салыстырғанда Иранның 80 млн халқының бүгінде толық қауіпсіз жағдайда өмір сүріп жатқанын көруге болады. Ал кейбір аймақ елдерінде мұндай емес»,-деді. ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетінің халықтың қолдауымен жүзеге асырылатынын айтып: «ИИР Қарулы күштерінің күндіз-түні тынбай еңбек етуінің арқасында қауіпсіздік Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас қаласынан 3 мың км қашықтыққа дейін қауіпсіздік сақталынған»,-деді.
Адмирал Сайяри тежеуіш амалдардың атқарылуындағы ақпарат құралдарының маңызды рөлін қуаттап: «Ақпарат өкілдері Иранның қорғаныс қабілеті туралы ақпаратты әлемнің түкпір-түкпіріне, әсіресе дұшпандарға жеткізу арқылы ИИР-ның Қарулы күштеріне тежеуіш амалдарды орындауға көмектеседі»,-деді.