Рухани: Шәһидтердің құрметті жанұялары – Иран халқы үшін теңдессіз үлгі
ИИР Президенті шәһидтердің құрметті жанұяларын Иран халқы үшін теңдессіз үлгі деп атап: «Олар баршаға сабыр мен жанпидалықтың дәрісін берді»,-деп қуаттады.
Президент аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Теһранда Садеқи әулеті шәһидтерінің үйінде болып: «Барлық шәһидтер мен ардагерлер Ашура мен шәһид болу мәдениетіне деген сүйіспеншілікпен майданға аттанды. Олар рух, ынта, ержүректік және шаттықпен пәк имамдардың көмектеріне жүгініп, Қасиетті қорғаныс жылдары ұлы ерліктер жасап, жанпидалыққа барды» деді.
Рухани Алла жолында жандарын пида еткен ардақтылар – шәһидтердің рөлін жоғары дәріптеп: «Революцияға, ислам діні мен Иранға көмек қажет болған кезде шәһидтердің ата-аналары имам Хомейниді (р.) жалғыз қалдырмай, жандарын шүберекке түйіп, майданға аттанған балаларын тәрбиелеу арқылы ұлы іс атқарды.
Иранның қазіргі абырой-беделі шәһидтер, мен ардагерлердің және олардың жанұяларының талпыныстары мен қайсарлығына қарыздар»,-деп баса айтты.