Йемен Сауд Арабиясының әскери базасына зымыран мен дронмен шабуыл жасады
ParsToday – Йемен Қарулы күштерінің өкілі Шарура аймағындағы Сауд Арабиясының әскери базасына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Йемен Қарулы күштерінің ресми өкілі, Яхья Сари Йемен армиясының Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Шарура аймағында орналасқан әскери базадағы Сауд Арабиясының қару-жарақ қоймалары мен басқару орталықтарына соққы жасағанын мәлімдеді.
Ол операцияның көптеген баллистикалық зымырандарды ату және дрондарды ұшыру арқылы жүзеге асырылғанын, сондай-ақ көзделген нысаналарға дәл әрі тікелей соққы берілгенін атап өтті.
Йемен қарулы күштерінің өкілі бұл операцияның Сауд Арабиясының Йеменге қарсы жалғасып жатқан шабуылдары мен агрессиясына жауап ретінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді.