Жел 13, 2016 22:17 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Хейдари: Иран армиясы кез келген қоқан-лоққыға тосқауыл қоюға дайын

ИИР армиясы құрлық күшінің қолбасшысы Иран қарулы күштерінің дұшпандардың кез- келген қоқан-лоққысы мен ықтималды әрекеттеріне тосқауыл қоюға әзір екендігін мәлімдеді.

Иран армиясы құрлық күшінің қолбасшысы бригада генералы Кюмарс Хейдари "Мұхаммед – Алланың елшісі- 4" атты үлкен жаттығудың өткізілуінің соңғы күні осы жаттығуға қатысушы қолбасшылар мен күштердің алдында сөз сөйлеп: «Осы жаттығудың алғашқы үндеуі ислам революциясының достары мен мұсылман халықтарға арналды. "Мұхаммед – Алланың елшісі- 4" атты жаттығуда орындалғандар амалдар ислам дінінің айбындылығының бір бөлігі болып табылады. Осы айбындылық дұшпандардың қоқан-лоққыларына кесімді жауап қайтара алады.

Осы жаттығудың екінші үндеуі Иран халқының жауларына бағытталады. Олар ислам революциясының перзенттері мен Иран қарулы күштерінің оларға тосқауыл қоюға әзір екендігін байқауы тиіс» деді.

Байланыс құрылғыларына нұқсан келтіретін және шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтардың қабілеттері мен тактикалық әлеуеттері сейсенбі күні "Мұхаммед – Алланың елшісі-4" атты жаттығудың соңғы күні сәтті көрсетілді.

Жексенбі күні Иранның оңтүстік- шығыстағы стратегиялық аймағында басталған ИИР армиясы құрлық күшінің "Мұхаммед – Алланың елшісі-4" атты үлкен жаттығуы бүгін, сейсенбі күні алдын ала белгіленген барлық мақсаттарына қол жеткізіп, табысты аяқталды.

 

 

Тегтер