Рухани Иран мен Индонезияның байланысын күшейтуді қуаттады
ИИР президенті дос және мұсылман екі мемлекет ретінде Иран мен Индонезияның байланысын күшейту мен нығайтуды екі ұлт пен аймақтың мүддесі үшін пайдалы деп бағалады.
ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһран мен Джакарта арасында төрт ынтымақтастық құжатына қол қойылған соң Индонезия президенті Джоко Видодомен бірге тілшілерге берген сұхбатта: «Теһран мен Джакарта өздерінің ынтымақтастық деңгейін саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми салаларда кеңейтуді мақсат етіп отыр. Азияның шығысы мен батысындағы маңызды ислам елдері Иран мен Индонезия арасындағы байланыс зор маңызға ие. Осы байланыс "Ортақ қадам" келісімінен кейінгі кезеңде көбірек қарқын алуы керек» деді.
Хасан Рухани сондай- ақ екі елдің Қосылмау қозғалысы мен Исламдық Ынтымақтастық ұйымында жақын ынтымақтастыққа ие екенін және ислам әлемі тап болып отырған мәселелер мен қиыншылықтар, соның ішінде Йемен мен Сирия және Мьянма дағдырысы негізінде өз ынтымақтастықтарын күшейтетінін қуаттады.
Индонезия президенті Джоко Видодо да Теһранға жасаған сапарын екі елдің әріптестіктері мен ынтымақтастықтарын кеңейтудегі жаңа бағыт деп атады.
Джоко Видодо Иран президентімен сұхбатында әңгімеге арқау болған тақырыптар туралы айтқан сөзінде елінің Мьянма, Йемен, Сирия және тағы да басқа аймақтар мен дағдырыстан зардап шеккен елдердің мәселесін шешу үшін бейбіт шешім жолдарын алға тартқанын айтып, осы бағытта өз елінің бейбітсүйгіш рөлін қуаттады.