Анкара сионистік режимнен қару сатып алуға өтініш жасады
Қауіпсіздік бөліміндегі жоғары деңгейлі хабардар дереккөздерінің мәліметтері бойынша, Түркия Израильден қару сатып алуға өтініш жасаған.
Тасним ақпарат агенттігінің «Turk Time» хабар торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркияның Қорғаныс министрі Исмет Йылмаздың арнайы өкілі осы мақсатпен Тель-Авивке сапар шегіп, Израиль үкіметінің жоғары деңгейлі қайраткерлерімен кездесті.
Ол сионистік режимнің соғыс министрлігінде өткен отырыста осы режимнің әскери өнеркәсіп саласының өкілдерімен кездесті.
Осы мәліметке сәйкес, аталмыш отырыста екі тарап арасындағы қару-жарақ саудасына қатысты байланыстар мен ынтымақтастықтарды бұрынғы жылдардағыдай жаңғырту мәселесі және Түркия өкілі тарапынан қару сатып алуға жасалған өтініш қарастырылды.
2010 жылы израильдік күштердің Түркияның "Мармара" кемесіне шабуыл жасауы Анкара-Тель-Авив қатынастарының салқындауына себеп болды. Бірақ өткен жылдың соңынан бастап қатынастарды тұрақтандыру жолында қадамдар жасала бастады.