Нау 03, 2016 17:21 Asia/Almaty
  • Араб елдерінің министрлер кеңесі Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп атады

Араб одағы елдерінің министрлер кеңесі Тунисте өткен өзінің 33-ші отырысының қорытынды мәлімдемесінде Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп, оның сионистік және тәкфіршіл лаңкестікпен күресін қауіпті әрекет деп атап, әрекеттерін айыптады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні кешке жарияланған осы мәлімдемеде Ливан Хезболласы әрекеттерінің кейбір араб елдеріндегі қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті әлсіреткені туралы уәж айтылған.

Осы мәліметке сәйкес, Ливан Араб одағы елдерінің министрлер кеңесінің Хезболланы лаңкестік топ деп атаған шешімін қабылдамаса, Ирак өкілі наразылық ретінде осы кеңестің отырысынан шығып кеткен.

Ирактың Ішкі істер министрі Мұхаммед Салем әл-Ғаббан Араб одағы елдері министрлерінің осы мәлімдемесін қабылдамайтынын айтып: "Бұл конференциялар арнайы мақсаттарды көздейтін саяси мәлімдемелер жариялайтын жер емес" деді.

Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысы да бір мәлімдемесінде Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бұл әрекетін Израильдің саясаттарымен бағыттас деп атап, барлық араб тараптарын Израильдің ұстанымдарымен бағыттас ұстаным қабылдаудан тежеу талпыныстарының қажеттілігін қуаттады.

Израильдік қайраткерлер мен топтар Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше араб елдерінің осы шешімінің Израильдің ұстанымдарына толығымен сәйкес келетінін мәлімдеді.

Тегтер