Шамхани Иран, Ресей және Сирияның арадағы кеңесулерін жалғастыруы қажеттігін қуаттады
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Сириядағы саяси және әскери дағдарыс мәселесінің ұлғаюы Иран мен Ресей және Сирия елдері арасында ортақ шешім жолдарын ұсынуды қажет етіп отыр» деді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Теһранға сапармен келген Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьевті қабылдауда: «Халебті азат ету тағы да Батыс пен олардың аймақтық демеушілерінің лаңкестікті қалыптастырып, оларға демеушілік жасап, соңында жеңіліске ұшыраған тәкфирліктерді жан- жақты қорғаудағы саясатын әлемдік қоғамдық пікірдің төрелігіне қойды.
Халебтегі адам шығыны туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарататын Батыс- араб және еврей ақпарат құралдары үш жылдан астам уақыт бойы Фуғе және Куфрия қалашықтарында лаңкестер тарапынан қоршауға алынған жаралы жандар мен егде адамдарды шығару қажеттігі туралы ақпарат таратпайды» деді.
Шамхани сондай-ақ Сирияның Халеб стратегиялық қаласының азат етілуін Иран, Ресей, Сирия және қарсыласу майданының бастамашылдығының жемісі деп атады.
Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев те осы кездесуде Сириядағы әскери, қауіпсіздік, саяси және майдандық үйлесімділіктерді арттыру бағытындағы елінің көзқарастарын мәлім етті.