Нау 03, 2016 21:08 Asia/Almaty
  • Иран Парсы Шығанағы  Ынтымақтастық Кеңесінің мәлімдемесіне  реакция білдірді

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Ливанның исламдық қарсыласу қозғалысы Хезболланы лаңкестік топ деп атаған мәлімдемесін айыптады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Хосейн Джабери Ансари Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Ливан Хезболласына қарсы кешегі мәлімдемесіне көрсеткен реакциясында: «Бұл қозғалыс басқыншылар алдындағы қарсыласуы және төзімділігімен, сондай-ақ Палестинаның езгідегі халқына жан-жақты демеушілік жасауы арқылы сионистік режиммен қарсыласудың символына айналды.

Ислам үмбетінің тәуелсіздік, азаттық, әділетке қол жеткізу мен әсірешілдік және лаңкестікпен күрестегі тұрақты мақсаттары жолындағы талпыныстарының өкілі – Хезболла қозғалысымен кейбір араб елдерінің келіспеуі бұл мемлекеттердің Палестинаны жаулап алушылармен қарсыласу қозғалысын лаңкес деп айтуда үндестік танытуын ақтамайды.

Өтірік тарату және өзге үкіметтерге қысым жасау арқылы осындай тұрғылар ұстануды көздейтін үкімет қайраткерлері біле тұра немесе білместікпен ислам елдерінің мүддесіне қарсы әрекет жасайды» деді.

Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі кеше сәрсенбі күні Хезболланы «лаңкестік ұйым» деп атап, осы негізде шешім қабылдағандарын мәлімдеді.

Тегтер