Жел 29, 2016 09:39 Asia/Almaty
  • Велаяти: Дей айының тоғызы күнгі ерлік - түрлі-түсті революциялардың соңы

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы дей айының тоғызы күнгі ерлікке халықтың жаппай қатысуын түрлі-түсті революцияларды аяқтау деп бағалады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сәрсенбі күні Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран халқының дұшпандардың астыртын әрекетін залалсыздандыру үшін  дей айының тоғызы күнгі шеруге ерлікпен қатысуына сілтеме жасап: «Дұшпандар осындай әрекеттерді Украина мен Грузия және Қырғызстанда жасады, бірақ еш жерде Ирандағыдай жеңіліске ұшырамады» деді.

Велаяти халықтың ислам діні мен исламдық құндылықтарға сүйеніп, ұлттық бірлікті сақтауы мен саяси сахнадағы құзырын Иран ислам республикасының кез-келген астыртын әрекет алдындағы өміршеңдігінің құпиясы деп бағалады.

 

 

Тегтер