Нау 07, 2016 15:03 Asia/Almaty
  • Ливан Хизболласының Бас хатшысы қарсыласудың маңызды рөлін қуаттады

Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Ливан Хезболласы сионистік және тәкфіршіл дұшпандармен күресу үшін арабтардың бірігуін күтіп отырмайды»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла жексенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі Ансар аймағында шәһид болған Хадж Ала әл-Босне деп танымал болған Әли Ахмад Қиазды еске алуд рәсімінде Иран мен Сирияның қарсыласуға қолдау көрсетуіне алғыс айтып: «Хезболла күштері сионистік дұшпанмен күресіп, басып алынған жерлерді сионистерден босату үшін Араб лигасының растауы мен араб мемлекеттерінің қолдауын және араб әскері мен араб елдерінің қаруларын қажет етпейді»,- деп баса айтты.

Сейед Хасан Насролла Израильдің палестиналықтардың жерлерін басып алу, оларға шабуыл жасау және палестиналықтардың құндылықтарына тіл тигізу арқылы арабтарға құрметсіздік көрсетулерін жалғастыруына тоқталып: «Тек сионистік режимнің мүдделері үшін талпыныс жасайтын кейбір араб мемлекеттерімен келісімге келу нәтижесіз әрі қисынсыз іс болып табылады»,- деп мәлімдеді. Ол кейбір араб мемлекеттерінің, әсіресе Сауд Арабиясының қарсыласушы және күрескер қозғалыстарға қарсы қастандықтарына сілтеме жасап: «Осы мемлекеттер өз өмірлерін жалғастыру үшін Израильді қолдап, оны қорғауды басты мәселе деп санайды»,- деп қуаттады.

Тегтер