Зариф: Иран Американың халқын қарсы алады
Қаң 30, 2017 21:42 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф «Twitter» желісіндегі жаңа жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамптың бірнеше ислам елі азаматтарының сол елге кіруіне тыйым салу негізіндегі жарлығына көрсеткен реакцияда: «Американың әрекетіне қайшы, Иранға сапар шегу үшін визасы жарамды кісілерді Иран бұрынғысынша қабылдайды» деді.
Зариф «Twitter» желісіндегі келесі бір үндеуінде: «Иран Американың халқын құрметтеумен қоса, олар мен осы елдің өшпенді саясатының арасын ажыратып, азаматтарды қорғау үшін қарымта әрекетке барады» деді.
Тегтер