Ақп 04, 2017 13:28 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранға қоқан-лоққылар әсер етпейді

Иранның Сыртқы істер министрі АҚШ басшыларының жуырдағы қоқан-лоққыларына өзінің Твиттердегі парақшасында реакция білдіріп: «Иранға қоқан-лоққылар әсер етпейді»,- деп жазды.

Фарс ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Батыс, әсіресе АҚШ басшыларының Иранның зымырандық сынақтарына қатысты уәждеріне реакция білдіріп: «Иранның қауіпсіздігі халықтың қолдауынан бастау алады. Иран ешқашан соғыс бастамайды. Бірақ өзін қорғау мақсатында жергілікті құралдарына сүйенеді»,-деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Теһранда Франция Сыртқы істер министрімен бірнеше күн бұрын өткен ортақ ақпарат отырысында: «Иран өзін қорғау және қорғаныстық қуатын күшейту ісінде ешкімнен рұқсат сұрамайды»,- деп мәлімдеді.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Феллин: «Ираның зымырандық сынақтар өткізуі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы келеді. Бұдан былай АҚШ үкіметі Иранды бақылауда ұстайды»,- деді.

 

Тегтер