Велаяти: Қоқан-лоққы саясаты АҚШ-ты құтқармайды
(last modified Sun, 05 Feb 2017 08:15:08 GMT )
Ақп 05, 2017 14:15 Asia/Almaty
  • Велаяти: Қоқан-лоққы саясаты АҚШ-ты құтқармайды

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы: «Қоқан-лоққы саясатын қолдану АҚШ-ты саяси банкроттықтан құтқармайды»,-деді.

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әлиакбар Велаяти сенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы жуырдағы қоқан-лоққыларына тоқталып: «Америкалықтар құр бос жарнамалық қоқан-лоққыларды алғаш рет қолданып отырған жоқ»,-деп қуаттады.

Велаяти америкалықтардың ирандықтардың қоқан-лоққылардан қорықпайтынын жақсы білетінін айтып: «Иран халқы олардың қоқан-лоққыларына, тіпті кейде Ирактың Иранға таңған соғысы сияқты амалдарына қарсы табандылығын талай рет көрсетті. Дұшпандар ешқандай пайда көрмеді»,-деді.

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі лаңкестікті қолдайтын құлдырау үстіндегі аймақтық режимдерін, соның ішінде  Сауд әулеті мен сионистік режимді АҚШ-тың Иранға қарсы қоқан-лоққыларының  себептерінің бірі деп атап: «Бұл режимдердің Ирак пен Сирия, Йемен мен Ливанда көрген жеңілістерінен тауы шағылып отыр»,-деді.

 

Тегтер