Нау 08, 2016 22:23 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Парсы Шығанағы  Кеңесінің Хезболлаға қарсы қастық шарасын қолдады

Сионистік режимнің үкімет басшысы Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп атау әрекетін қолдады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің Ливанның «әл- Аһд» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің үкімет басшысы Беньямин Нетаньяху Кнессетте сөйлеген сөзінде Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Ливан Хезболласына қарсы шарасын Израиль үшін ілгерілеушілік деп атап, осы режим Кнессетінің «Ортақ тізім» партиясының араб мүшелерінің Ливан Хезболласын қолдауына таңданыс білдірді.

Қалашық салуға да келіспей отырған сионистік режим Кнессетінің «Ортақ тізім» партиясының араб мүшелері дүйсенбі күні ресми түрде кейбір араб елдерінің Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп атау шарасын айыптап, оны Нетаньяху мен Израиль үшін пайдалы деп мәлімдеді.

Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі өткен сәрсенбі күнгі қастық шарада Ливан Хезболласын лаңкестік топтардың тізіміне қосқан болатын.

Тегтер