Ислам революциясының баяндылығының сыры – халықтың құзыры мен революцияның мақсаттарына табандылығы
Иранның сот билігінің төрағасы Ислам революциясының баяндылығының сырын халықтың сахнадағы құзыры мен революцияның мақсаттарына табандылығы деп атады.
Иран Телерадио бірлестігінің мәлімдеуінше, Иран сот билігінің төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот билігінің жоғарғы басшыларының жиналысында халықты баһман айының жиырма екісі күнгі бейбіт шерулерге қатысуға шақырып: "Халықтың баһман айының жиырма екісі күнгі бейбіт шерулерге ауқымды түрде қатысуы дұшпанның қоқан-лоққыларын бейтараптандырады. Дұшпандар Иран халқын қысым және үреймен тізе бүктіруге болмайтынын түсінді" деді.
Аятолла Садеқ Амоли Лариджани Иранның Ислам революциясының аймақ пен әлемге тигізген ықпалына тоқталып: "Бүгінде Ислам республикасы аймақтағы саяси және әскери байланыстардың бір тірегі болып табылады" деді.
Аятолла Лариджани Ислам революциясын руханиятқа оралу және халықтың шынайы дауысы деп бағалап: "Ислам революциясының жеңісі мен оның баяндылығының сыры халықтың бірлігі мен мақсаттарға табандылығы болып табылады" деді.
Иран сот билігінің төрағасы халықтың баһман айының жиырма екісі күнгі хабардарлығы мен көрегендігінің ұлттық бірлік пен ынтымақтастықтың салтанатты көрінісін паш ететіндігіне үміт білдірді.
Иран халқы Ислам революциясы жеңісінің жылдығына орай жыл сайын баһман айының жиырма екісі күні ауқымды бейбіт шерулерге қатысып, имам Хомейни мен Ислам революциясы және оның қазіргі жетекшісінің мақсаттарына тағы да адалдықтарын білдіреді.