Уран оксидінің соңғы тиелімі Иранға жеткізілді
Ақп 07, 2017 19:38 Asia/Almaty
Уран оксидінің соңғы тиелімі Иранның орталығындағы Исфаханның шәһид Бехешти атындағы халықаралық әуежайына келді.
Иран Атом Қуаты Ұйымы төрағасының кеңесшісі әрі арнайы көмекшісі Әли Асқар Зареан: «Бұл 26- шы қаңтардан бүгін 7- ші ақпанға дейін Исфаханға әкелінген жалпы 149 тонна уран оксидінің төртінші тиелімі болып табылады. Бұдан бұрын ядролық келіссөздер кезінде 230 тонна уран оксиді Иранға енгізілген болатын. Осы тиелімнің Ресейден әкелінуімен Иранға енгізілген уран оксидінің қоры 359 тоннаға жетті» деді.
Тегтер