Иранның Қорғаныс министрі: АҚШ-қа мақсаттарына жетуге жол берген жоқпыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i24137-Иранның_Қорғаныс_министрі_АҚШ_қа_мақсаттарына_жетуге_жол_берген_жоқпыз
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: "ИИР өзін қорғау және аймақтың тұрақтылығы мен бейтішілігін сақтауда табысқа жетіп, АҚШ-қа аймақтағы мақсаттарына жетуге жол берген жоқ" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2017 10:32 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі: АҚШ-қа мақсаттарына жетуге жол берген жоқпыз

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: "ИИР өзін қорғау және аймақтың тұрақтылығы мен бейтішілігін сақтауда табысқа жетіп, АҚШ-қа аймақтағы мақсаттарына жетуге жол берген жоқ" деді.

Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Деһқан сейсенбі күні кешке Иранның халықаралық хабар арнасының "Бүгінгі кештің өзекті мәселесі" бағдарламасында Ислам революциясының АҚШ-тың аймақ пен әлемдегі үстемшілдігін сәтсіздікке ұшыратқанын айтып: "Бүгінде АҚШ қай жерге барса, сол жерде қаламын деп ойлайды. Алайда америкалықтар қай жерге барса да, сол аймақтың халқы оларды масқарашылықпен қуып шықты" деді.

Генерал Деһқан Иран өзінің барлық әскери қажеттіліктерін қоқан-лоққыға сәйкестендіре отырып жасап шығара алатынын және бұл мүмкіндіктің Иран халқының ерік-жігерінен туындағанын айтып: "Иранның қорғаныстық доктринасы ықпалды  түрде тежеу қағидасын тірек еткен" деді.

Генерал Деһқан сонымен қатар сионистік режимді аймақтағы тұрақсыздықтың факторы деп атап: "Бүгінде аймаққа төніп тұрған қауіп-қатер америкалықтар, израильдіктер мен аймақтағы кейбір араб елдері, соның ішінде, Арабстан қолдап отырған тәкфіршіл лаңкестер болып табылады" деді.