Рухани: Иран Латын Америкасымен байланыстарды кеңейтуге мүдделі
(last modified Thu, 09 Feb 2017 04:38:03 GMT )
Ақп 09, 2017 10:38 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Латын Америкасымен байланыстарды кеңейтуге мүдделі

Иран президенті Латын Америкасы елдерімен байланысты кеңейтуді Иран ислам республикасы үшін маңызды деп атады.

Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда Венесуэланың Сыртқы істер министрі Делси Родригес пен Мұнай министрі Нельсон Пабло Мартинесті қабылдауда: «Иран Латын Америкасы елдерімен, соның ішінде Венесуэламен саяси, экономикалық және мәдени салаларда байланыстарды кеңейтуге мүдделік танытады» деді.

Хасан Рухани «Қосылмау қозғалысының» рөл атқаруының қажеттілігіне сілтеме жасап: ««Қосылмау қозғалысының» барлық мүшелері осы ұйымның аймақтық және халықаралық мәселелерде белсендірек рөл атқаруы үшін талпыныс жасауы керек» деді.

Рухани Иран мен Венесуэланың көптеген халықаралық мәселелерде пікірлес екенін назар аударарлық деп бағалап: «Әлемде біржақтылықты  мақсат ететін елдерге қарсы  тәуелсіздік пен төзімділік тәуелсіз елдер Иран мен Венесуэланың сыртқы саясатының қағидасы болып табылады.

ОПЕК ұйымындағы және осы ұйымнан тыс мұнай өндіруші елдер мұнай бағасының өндірушілер мен тұтынушылар үшін тұрақты және әділ нүктеге жетіп, тұрақтануы үшін талпыныс жасауы керек» деді.

Венесуэла Сыртқы істер министрі де осы кездесуде елінің Иранмен барлық салаларда байланысты кеңейтуге мүдделі екенін қуаттады.