Исламдық Иранның халқы 10-шы ақпан шеруінде "Америкаға өлім!" деп ұрандатты
Исламдық Иранның халқы елдің барлық қалаларында 22-ші баһман шеруіне миллиондап қатысып, "Америкаға өлім!", "Трампқа өлім!" деп ұрандатты.
Теһран халқы бүгін жұма күні 22-ші баһман күнгі салтанатты шеруде тағы да "Америкаға өлім!", "Израильге өлім!" деп ұрандатып, өздерінің салтанатты құзыры мен көрегенділіктерін паш етті.
Теһранда жастар ислам революциясы жеңісінің жылдығы шеруі барысында "Трампқа өлім!", "Ирандық қоқан- лоққыдан қорықпайды" деген сынды ұрандар айтып, АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоққыларының Иранның қорғаныстық және әскери күш- қуатына еш әсерін тигізбейтінін қуаттады.
Мемлекеттік және әскери қайраткерлер, соның ішінде ИИР президенті Хасан Рухани, Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен тағы басқа басшылар қатысқан шеруде Теһран тұрғындары сондай-ақ "Американың қолынан түк келмейді!" және "Біз дайын тұрмыз!" деген қысқа сөйлемдермен АҚШ президентінің қоқан-лоққыларына жауап қатты.
Теһран халқымен бір мезгілде исламдық Иранның өзге облыстарында да, соның ішінде Систан мен Бәлучистан, Күрдістан, Машһад, Шығыс Әзірбайжан, Батыс Әзірбайжан, Хамадан, Занджан, Ардабил, Язд, Исфахан, Қазвин, Оңтүстік Хорасан, Семнан, Мазандаран, Илам, Хормозган мен Бушерде халық 22-ші баөман шеруіне қатысып, "Америкаға өлім!", "Израильге өлім!" деген ұрандар айтты.