Ақп 12, 2017 16:16 Asia/Almaty
  • 22-баһман мерекесін бүлдіруге бағытталған астыртын әрекеттер залалсыздандырылды

ИИР Барлау министрі 22-баһман Ислам революциясы жеңісінің жылдығы қарсаңында тәкфіршіл және лаңкестік астыртын әрекеттердің залалсыздандырылғаны туралы хабарлады.

Иранның Барлау министрі Махмұд Әлави сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатында: «22-баһман Ислам революциясының жеңісіне арналған мерекені бүлдіруге бағытталған тәкфіршіл және лаңкес топтардың ұйымдастырылған астыртын әрекеттерін анықтап, алдын алу әрекеттері барысында астыртын әрекеттердің негізгі ұйымдастырушылары сегіз шетел азаматы құрықталды.

22-баһман мерекесі қарсаңында лаңкестік актілерді іске асырудың алдын алу мақсатында ақпанның 3-9 аралығында жүзеге асырылған Иранның қауіпсіздік және барлау күштері операцияларының нәтижесінде Теһран мен Иранның кейбір батыс және шығыс облыстарында құпия лаңкестік желілер анықталды.

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, Теһран мен Иранның кейбір қалаларында лаңкестік амалдарды жүзеге асыру үшін Калашников автоматы мен басқа да лаңкестік қару-жарақтарды дайындау әрекеттердің көршілес елдердегі адамдар тарапынан басқарылып отырғанын дәлелдейді. Бұл мәселеге қатысты құқықтық шараларды қолдану күн тәртібіне қойылды»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер