Иран мен Швеция сауда-саттық байланыстарын кеңейтуді қуаттады
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі мен Швецияның Сыртқы сауда министрі екі елдің ынтымақтастықтары мен экономикалық және сауда-саттық байланыстарын кеңейтуді қуаттады.
Мұхаммад Реза Нематзаде жексенбі күні Теһранда Швецияның Сыртқы сауда министрі Анна Линдты қабылдауда Иранның индустриалдық қызметтеріне, соның ішінде тамақ өнеркәсібі, көлік, кен, тоқыма, болат, мыс және алюминийге сілтеме жасап: «Иранның жаңа заңдары бірлесіп инвестиция салу мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтарға негізделген. Иран ынтымақтастықтарды кеңейтуге және коммуникация, тамақ өнеркәсібі, көлік өнеркәсібі, темір жол, метро негізінде швециялық компаниялармен бірлесіп, инвестиция салуға ынта танытады» деді.
Швецияның Сыртқы сауда министрі Анна Линд та осы кездесуде елінің Иранмен қайтадан ынтымақтастық жасауына мүдделік танытып, екі жақты байланыстарды кеңейту мен жақсартуға талпыныс жасайтынын мәлімдеді.