Ресей Иранның оңтүстігінде жылу стансасын салуға қатысады
Иран ислам республикасындағы Ресей елшісі Леван Джагарян Ресейдің ынтымақтастығымен Иранның оңтүстігінде Хормозган облысының Сирик қаласында жылу стансасы салынатынын айтты.
Теһрандағы Ресей елшісі Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббаста Хормозган облысының әкімі Джасем Джадримен кездесуде елінің Сирик қаласында 1400 мегаваттық жылу стансасын салуға бір миллиард евро қаржы бөлуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Леван Джагарян сондай-ақ Хормозганның ауылшаруашылығы өнімдерін Ресейге экспорттау жөнінде: «Осы негізде жақында Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары осы елдің Ауылшаруашылығы министрлігінің басшыларымен бірге Теһранға сапармен келеді» деді.
Хормозган облысының әкімі Джасем Джадри де осы кездесуде: «Иран ислам республикасы мен Ресей көптеген ортақтастықтарға ие әрі әлем мен аймақ деңгейінде бір-бірімен ынтымақтастық жасайды» деді.