Әскери соғыспен қорқыту Американың әдеттегі айла-шарғысы болып табылады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Америка әскери соғыс жөнінде қоқан-лоққы жасау айласын қайталап, Иран ислам республикасы басшыларының назарын шын соғыстан, яғни экономикалық соғыстан бұруды көздеп отыр» деді.
Хазірет аятолла улузма Хаменеи бүгін сәрсенбі күні Әзірбайжан облысының мыңдаған халқымен кездесуде Иран халқының 22 баһман күнгі шеруге айбындылық және сергектікпен қатысуын революция мен жүйенің және Иранның абыройына ұйытқы болды деп бағалап, Иран халқына алғыс айтып: «Биыл шерулерге халықтың жаппай қатысуын тек ішкі ақпарат құралдары ғана емес таратқан жоқ, сонымен бірге революцияның дұшпандары да өткен жылдардағыдай емес "миллиондап" деген сөзді қолдану арқылы халықтың жаппай қатысқанын мойындады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Американың бұрынғы және қазіргі үкіметінің "Иранды соғыспен қорқыту" айласын қайталаудағы шын мақсатына сараптама жасауда: «Бүгін де олар бұрынғысынша «үстел үстіндегі әскри варианттарды» сөз етуде. Еуропалық басшылар да Иран басшыларына: "Егер "Ортақ қадам" келісімі болмағанда соғыстың болатындығы сөзсіз еді" дейді, бірақ бұл нағыз жалған сөз. Олар біздің ойымызды шын соғыстан, яғни экономикалық соғыстан ауытқытып әскери соғысқа бұрғысы келеді. Сонда ел басшылары экономикалық ілгерілеу саласына ден қою мен Батыстың Иран халқымен мәдени соғысына назар аударудан қалады» деді.
Ол ОББ, Моссад және Ұлыбританияның барлау және тыңшылық аппаратының тынымсыз талпыныстары мен «Қарундардың» мұнайдан түскен долларларды революция мен ислам республикасына қарсы кеңістік қалыптастыру үшін жұмсауына сілтеме жасап: «Жыл бойы жүздеген спутниктік арналар, ғаламтор кеңістігі және Ираннан қашып кеткен, банкротқа ұшырағандар жүйені кемсіту, әлсірету және айыптаумен айналысуда, бірақ халықтың 22-ші баһман күнгі шеруге жаппай қатысуы шаң-тозаң басқан осы кеңістікті тазартып, ластықтарды жойды» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иранның соңғы қырық жылға жуық уақыттағы кейбір инфрақұрылымдық істердегі ілгерілеушіліктерін таңқалдырарлық деп атап, осы даму мен серпілістердің кейбіріне әдетте жүз жылдық кезеңде де қол жеткізуді мүмкін емес деп бағалады.
Ол ирандықтардың ұлттық абыройы мен ғиззатын бұрынғы биліктің кемсітушілік кезеңімен салыстырғанда революцияның мақтанышқа толы жетістіктері деп атап: «Бүгін Иран халқының ұлылығы мен айбындылығын және шешуші құзырын барша мойындап отыр. Аймақтағы барлық мәселелерде егер Иран қатыспаса және талаптанбаса, істің алға баспайтынын біледі» деді.