Нау 09, 2016 19:59 Asia/Almaty
  • Тунистегі лаңкестік шабуылға Иран реакция танытты

Иран ислам республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари Тунистің үкіметтік күштері мен бір топ азаматының өлімі мен жаралануына соқтырған осы елдің Бен Кардан қаласындағы бір үкіметтік орталыққа жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.

Джабери Ансари осы лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың отбасылары мен Тунис үкіметі және халқының қайғысына ортақтастық білдіріп, Иран ислам республикасының лаңкестік пен әсірешілдікке тосқауыл қоюда Туниспен бірге екенін тағы да қуаттады. Дүйсенбі күні Тунистің Бен Кардан шекаралық қаласында ИСИМ тобы бірнеше лаңкестік шабуылын жүзеге асырды. Соның салдарынан Тунистің бір топ азаматы қаза тауып, жараланды.

Тегтер