Ақп 18, 2017 22:09 Asia/Almaty
  • Иран Сирия дағдарысының неғұрлым тезірек шешілуіне үміт білдірді

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Сирия бейбітшілік келіссөздерінің Иран, Ресей мен Түркияның шынайы ерік-жігерінің арқасында Сирия дағдарысының неғұрлым тезірек аяқталуына жеткізетіндігіне үміт білдірді.

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары  әрі Қазақстанның астанасында өтетін Сирия бейбітшілік келіссөздеріндегі ирандық делегацияның төрағасы Хосейн Джабери Ансари сенбі күні тілшілер жиынында осы келіссөздер туралы: "Астана қаласындағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің үдерісі айтарлықтай ілгеріледі. Отырысқа сириялық қарулы топтардың бірқатары мен Сирия үкіметінің делегациясы, Иран, Түркия және Ресей қатысты" деді.

Джабери Ансари Сирия дағдарысын шешудің уақыт алатынын айтып: "Иран Сирия дағдарысының бас кезінен-ақ бұл дағдарыстың тек  саяси жолмен шешілетіндігіне және "сириялық-сириялық" келісімнің жасалу қажет екендігіне сенімді болған. Түрлі ойыншылар, әсіресе, үш ел – Иран, Ресей мен Түркия өзара түсіністік арқылы Астана келіссөздері шеңберінде Сирия дағдарысының ықпалды әрі негізгі жолын ұсынып, Сирия халқына өте ауыр нұқсан келтірген гуманитарлық апатты тоқтататындығына үміттенеміз" деді.

 

Тегтер