Иран мен Индонезияның сауда байланыстарын үш есеге арттыру қажеттігі қуатталды
(last modified Sun, 26 Feb 2017 15:50:23 GMT )
Ақп 26, 2017 21:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Индонезияның сауда байланыстарын үш есеге арттыру қажеттігі қуатталды

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі: «Атқарылған шараларға сәйкес, алдағы бір жылдың ішінде Иран мен Индонезияның сауда байланыстарын қазіргі деңгейден үш есе артыратын мүмкіндік бар» деді.

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзи Теһранда Индонезияның Экономикалық үйлесімділіктер министрі Дармин Насутионмен кездесуде Иранда Индонезиямен байланысты кеңейту үшін еш шектеудің жоқ екендігін баса айтып: «Иран Индонезиямен кедендік істер, сауда-саттық және өзара инвестиция салуға ынталандыру келісімшарттарына қол қоюға дайын.

Иран мен Индонезия президенттерінің соңғы айларда жасаған екіжақты сапарлары өзара байланысты кеңейту үшін шынайы талаптың бар екенін көрсетеді» деді.

Индонезияның Экономикалық үйлесімділіктер министрі Дармин Насутион да осы кездесуде қосжақты экономикалық ынтымақтастықтар деңгейін ұлғайтуды қуаттап, елінің ауылшаруашылығы, мұнай мен газ, туризм және кедендік істер саласында Иранмен ынтымақтастық жасауға ынта танытатынын мәлімдеді.

Индонезияның Экономикалық үйлесімділіктер министрі елінің экономикалық делегациясын бастап, екі күндік сапармен Теһранға келді.

 

 

Тегтер