Зариф лаңкестік қатерімен күресу үшін бірлесе шара ойластыру қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі экстремизм мен терроризмнің шекара танымайтынын айтып: «Лаңкестік қатерімен күресу үшін бірлесе шара ойластыру қажет»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда ТМД елдері елшілерімен кездесуінде осы елдердің тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, ТМД елдерінің қауіпсіздігін Иранның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі деп атап: «Иран тәуелсіздік алғаннан бастап осы елдердің тұрақтылығы, дамуы мен қауіпсіздігіне көмектесу үшін барлық көрші әрі дос елдерге өз мүмкіндіктерін ұсынды»,-деді.
Зариф ТМД ұйымының құрылуын 20 ғасырдың ең маңызды өзгерістерінің бірі деп атап: «ИИР үшін бұл елдердің барлығы ерекше стратегиялық маңыздылыққа ие.
Энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту аймақты Азиядағы ең тұрақты әрі ең дамыған аймақтардың біріне және әлемнің энергетикалық астанасына айналдыра алады»,-деді.
ТМД елдерінің ИИР-дағы елшілері де осы кездесуде ИИР Сыртқы істер министріне осындай рәсім өткізгеніне және Иранның ТМД елдерімен ықпалды ынтымақтастығын еске түсіргеніне алғыс айтып, барлық салалар бойынша Теһранмен қарым-қатынасты одан ары дамытуға ынта танытты.