Израиль мен үстемшіл Батыс елдерінің тауарларына бомба орнатпайтынына қандай кепілдік бар?
(last modified Sat, 28 Sep 2024 12:38:02 GMT )
Қыр 28, 2024 18:38 Asia/Almaty
  • Израиль мен үстемшіл Батыс елдерінің тауарларына бомба орнатпайтынына қандай кепілдік бар?

Технологиялық лаңкестік - бұл Израиль режимінің Ливандағы қоғамдық террорымен осы күндері көбірек танымал болған жаңа атау.

 

Өткен аптада сионистік режим екі күн ішінде Ливандағы байланыс құралдарын жарып жіберді. Бұл лаңкестік әрекетте кем дегенде 37 адам шәһид болып, мыңдаған адам жараланды.

Pars Тoday мақаласы Израильмен коммерциялық қарым-қатынастардың тәуекелдерін және осы лаңкестік шабуылдардың сионистік экономикаға әсерін зерттеуге тырысты.

 

Жаһандық нарықтардың сенімсіздігі

Батыс үкіметтерінің құралдарының бірі – нарықты бақылау; Шындығында, Батыс елдері ненің сатылғанын, өндірілгенін және лицензияланғанын бақылайды.

Израильдің лаңкестік машинасы енді "Израиль мен үстемшіл Батыс елдерінің тауарларына бомба орнатпайтынына қандай кепілдік бар?" деген сұрақты көтеруге себеп болып отыр.

Джон Кеннеди атындағы үкімет мектебінің технологиялық сарапшысы Брюс Шнайер «Нью-Йорк Таймс» газетіндегі мақаласында: «Осы және осыған ұқсас шабуылдардан қалай қорғану керек екені белгісіз. Жоғары технологиялық жеткізу тізбегі күрделі және халықаралық болып табылады",- деп жазды.

Паоло Триоло, технология саласындағы саясат мәселелері бойынша сарапшының пікірінше, "Израильдің Ливандағы жуырдағы лаңкестік әрекеті басқа елдерде сезімтал электронды құрылғыларды жеткізу тізбегіне қатысты алаңдаушылықты тудыруы және белгісіз жеткізушілерге сенім артудың ықтимал тәуекелдерін қайта қарастыруға әкелуі мүмкін".

«Нью-Йорк Таймс» газеті де былай деп жазды: «Біздің компьютерлеріміз осал және осыған сүйене отырып, айналамыздағы көліктер, тоңазытқыштар, үй термостаттары және басқа да жиі қолданылатын құрылғылар бірдей ережеге бағынады деп айта аламыз».

 

Технологиялық терроризмнің Израиль экономикасына кері әсері

Сарапшылар Израильдің соңғы шабуылдары бұл режимге стратегиялық пайда әкелмес түгіл, Батыс елдері мен сионистердің технологиялық өнімдерінің экспортына да кері әсерін тигізетінін айтады.

Америкалық сарапшы Патрик Кингсли «Нью-Йорк Таймс» газетінде   былай деп жазды: «Достары мен жауларының көзқарасы бойынша Израиль технологиялық жағынан күшті, бірақ стратегиялық тұрғыдан адасқан".

Израиль режимінің бұрынғы премьер-министрі «Эхуд Ольмерт» де Израиль басшылары тиімді шаралар қолдана алмады деп санайды.

 

Жаһандық сенімнің жоғалуымен доллардың үстемдігінің құлдырауы

Ливандағы байланыс құрылғыларының жарылуынан көрінетін технологиялық лаңкестік Американың доллардың ықпалын теріс пайдалануымен бірге жаһандық деңгейде Батысқа деген сенімді бірте-бірте жойып жатыр.

Қазір Американың гегемониясы Израильдің табанды қолдаушысы ретінде төмен еңіс үстінде және елдерге экономикалық дамудың әділ жолдарын ұсынатын БРИКС немесе Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты балама үлгілер мен батыстық емес экономикалық одақтардың ашылуымен, Американың әлемде өз ықпалын сақтау қиын жағдайда.