Іргелі білімге негізделген ирандық компаниялардың жетістіктері әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары
Иран Президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары іргелі білімге негізделген ирандық компаниялардың жетістіктерінің әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары екенін қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президентінің Ғылым және технология істері жөніндегі орынбасары Сорна Саттари дүйсенбі күні Теһранда: «Дүниежүзінде іргелі білімге негізделген жүз компанияның арасынан бір-екеуі ғана жетістікке жетіп, іске асырылады. Алайда Иранда мұндай компаниялардың табыстары көбірек кездеседі. Іргелі білімге негізделген компанияларға Иран инвестиция салу үшін орынды мекен»,- деді. Ол Иран үкіметінің іргелі білімге негізделген компанияларды қолдайтындығына тоқталып: «Иран үкіметінің іргелі білімге негізделген компанияларға жасап отырған жеңілдіктері мен көмектері бұл компанияларға инвестиция салудағы тәуекелді азайтады. Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алған ирандықтар еліне оралған соң әртүрлі салаларда іргелі білімге негізделген компаниялар ашты»,- деді.