Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
ParsToday - Катар Сыртқы істер министрі ирандық әріптесімен кездесіп, аймақтық және екіжақты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Катар мемлекетінің Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман Әл-Тани бейсенбі күні түстен кейін Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Осы хабарламаға сәйкес, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақай осы сапарға тоқталып, оны екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту және аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін Иран мен Катар арасындағы үздіксіз консультациялар аясында қарастырды және Катар премьер-министрі Иранның делдалдық күш-жігері мен бастамаларын жалғастыру және аймақтағы басқа да оқиғалар туралы Иран ресми өкілдерімен талқылап, пікір алмасатынын мәлімдеді.