Ирандық "Саба-248" тікұшағының тұсаукесер рәсімі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i24978-Ирандық_Саба_248_тікұшағының_тұсаукесер_рәсімі_өтті
Бүгін сейсенбі күні Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрінің қатысуымен ирандық мамандар жобалап жасаған "Саба-248" тікұшағының тұсаукесер рәсімі өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 07, 2017 20:01 Asia/Almaty

Бүгін сейсенбі күні Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрінің қатысуымен ирандық мамандар жобалап жасаған "Саба-248" тікұшағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Иранның Қорғаныс министрі сардар Деһқан осы тікұшақтың тұсаукесер рәсімінде: "Саба- 248" ирандық тікұшағы жеңіл және орта салмақта көп қолданысқа ие. Оның 8 экипажы болады. Осы тікұшақ жүк және жолаушы тасымалдау, жәрдем беру мен құтқару, суретке түсіру мен барлау, әуе жедел жәрдем көлігі, жағалаудан тыс амалдар мен әуе таксиі миссияларын атқара алады. Тікұшақты әскери және әскери емес клиенттердің қажеттіліктері бойынша халықаралық нарыққа, әсіресе ислам елдеріне бәсекелі бағамен экспортқа шығаруға болады» деді.