Аятолла Жаннати Американың әрекеттеріне қатысты қырағы болу керектігін қуаттады
Нау 07, 2017 20:13 Asia/Almaty
Иранның Эксперттер мәжілісінің төрағасы Американың дұшпандықтарына қатысты қырағы болу керектігін қуаттады.
Иранның Эксперттер мәжілісінің төрағасы аятолла Ахмад Жаннати Теһранда Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымының екінші ресми саммитінің ашылу рәсімінде Американың Иран халқымен дұшпандығы мәселесін баяндауды аса маңызды деп баса айтып, алпауыттарға сенім артпау және олардан көмек сұрамау қажеттігін қуаттады.
Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымының екінші ресми саммиті сейсенбі күні Теһранда жұмысын бастап, сәрсенбі күні түстен кейін мәлімдеме жариялау арқылы өз жұмысын аяқтайды.
Тегтер