Жетекшінің үстемшіл алпауыт елдердің Иранға қарсы өшпенділігінің себептері туралы көзқарасы
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше бейсенбі күні Эксперттер мәжілісінің төрағасы мен мүшелерін қабылдауда басшылардың қарсыласу экономикасына көбірек ден қоюы қажеттілігін қуаттап, әлемдік үстемшілдердің исламдық жүйемен дұшпандығының түрлі қырларына тоқталды.
Хазірет әлемдік зорлықшылар шебінің Иранмен жауласуының түрлі кезеңдеріне сілтеме жасап, қатаң қысым мен мәдениет саласындағы ауқымды, бірақ үнсіз шабуылды жау шебінің жоспарлары мен қимылдарының негізгі өзектері деп атап, сондағы негізгі мақсат Иранның исламдық жүйесінен халықтың үмітін үзу және жауға қарсы тұрудағы осы негізгі демеушіліктен басшыларды кенде ету деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі ислам республикасының әлемдегі, әсіресе Батыс Азиядағы ауқымды стратегиясының тереңдігін соңғы қырық жылдағы маңызды ілгерілеушіліктер деп атап: «Иранның күн санап артып келе жатқан ықпалы мен ұлттардың исламдық жүйені жақтауы біздің мықты тірегіміз болып табылады. Осы шындық Американың ашуына себеп болып, олардың сарапшыларын Иранның күн санап өсіп жатқан ықпалына тосқауыл қою үшін шара ойластыруға итермелеп отыр» деді. Ол кісі сондай-ақ Американың Иранда өткен сайлауларды жуықтағы қатаң сынауын масқарашылық деп атап: «Аймақтағы ең былғанышты және адамзатқа қарсы режимдермен достық ынтымақтастыққа ие болып, соңғы сайлауда үлкен ұятқа қалған америкалықтар Иран халқының сайлауына шүйлігіп, сын-пікір айтып отыр» деді.
Революцияның мәртебелі жетекшісінің кешегі сөздері саяси, экономикалық және әлеуметтік барлық салаларда маңызды шындықтарға меңзейді. Бұл сөздер Американың Иранмен өшпенділігінің себептерін сараптауда әрдайым бағаланып, АҚШ-ның саясатына тосқауыл қою стратегияларын анықтауда басшылыққа алынуы керек. Осы қауіп- қатерлерден өтудің революциялық рух- жігерді сақтау мен жиһадтық әрекет жасау және ұлттық-исламдық абырой мен болмысты сақтауды қажет ететіндігі сөзсіз. Ислам революциясының жетекшісі ескергендей, барлық алпауыттар мен сионистердің ақпараттық империясының толассыз шүйлігуіне қарамастан, Иран халқы революциядан кейін барлық салаларда ілгеріледі. Бірақ бұл астыртын әрекеттерден қапы қалу дегенді білдірмейді. Өйткені, Американың Иранға қатысты өшпенділік бағыт-бағдары өзгерген жоқ. Америка жылдар бойы Иранның ядролық бағдарламасы қауіпті деген уәж айтып, осы тақырыпқа әлі де қауіп-қатер ретінде қарайды. Басқаша айтқанда, "Ортақ қадам" келісімі де осы үдерісті тоқтата алмады. АҚШ пен оның аймақтық одақтастарының басқыншылық соғыс, санкция және экономикалық қоршау кезіндегі қысымдары мен халықтың революцияның мақсаттарының жүзеге асуынан үміттерін үзуге талпынысы мен халықтың сайлауларға қатысуын мәнсіз етіп көрестуге әрекеттенуі Американың Иранға қарсы қолданып отырған шешім жолдарына жатады. АҚШ-тың осы саладағы негізгі стратегиясы ислам республикасы жүйесінің қағидалары мен идеологиялық негіздемелерін теңселту болып табылады. Экономикалық жағынан да санкциялардан кейін жаңа жағдай қалыптасып, Иранмен қарым- қатынастар көбейгенімен, әзірше ойдағыдай нәтижеге жету үшін қашықтық көп. Революцияның мәртебелі жетекшісі айтқандай, қазір Батыс елдерімен кездесулер болып жатыр, бірақ осы кездесулердің қазірге дейін оң әсері болған жоқ. Сондықтан осы қарым- қатынастардың іс жүзінде қандай әсері болатыны анықталуы керек. Америкаға сенім артуға болмайтындықтан, Батыстың өзге сылтаулармен Иранға қарсы қысымдарды қайталау ықтималы алыс емес. Революцияның мәртебелі жетекшісінің Эксперттер мәжілісінің мүшелерін қабылдаудағы кешегі мәлімдемесі осы қауіпті стратегиямен бетпе-бет келудің жалғыз жолы революция жауларының мақсаттарының болмысын тану болып табылады деген шындықты ескертеді. Революцияның мәртебелі жетекшісі айтқандай, мықты, шабуылдық сипатта қисынға иек арту арқылы тосқауыл қою астамшылдар майданының жобалары мен астыртын әрекеттерін залалсыздандырудың негізгі жолы болып табылады. Сондықтан барлық негіздерде, соның ішінде адам құқығы, лаңкестік және соғыс қылмыстары мәселесінде Батысқа қарсы шабуылдық жағдайды сақтау керек.