Иран Ауғанстан мен Пәкістан арасында арағайындық жасауға дайын
Иран СІМ-нің Азия, Океания және ТМД елдері ісі бойынша орынбасары Теһранның екі көрші ел – Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы текетірестерді азайту үшін арағайындық жасауға әзір екенін мәлімдеді.
Иран СІМ- нің Азия, Океания және ТМД елдері ісі бойынша орынбасары Ибрахим Рахимпур Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ға берген сұхбатында Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы текетірестердің ұлғаюына сілтеме жасап: "Иран екі елмен де игі байланысқа ие. Сол себепті олардың арасындағы текетірестерді азайтуда әсерлі рөл атқара алады. Ауғанстан мен Пәкістан арасында текетірестердің ұлғаюы ешкімге пайдалы емес. Аймақ елдері бір-бірінің көмегімен дағдарыстарды шешуі керек" деді.
Ол ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы белсенділігіне сілтеме жасап: "ДАИШ тобына Ауғанстанда кейбір араб елдері қаржылай демеу көрсетіп отыр. Иран осы лаңкестік топпен күресу үшін Ауғанстан үкіметіне қолұшын беруге дайын" деді.