Иранның саясаты – аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25238-Иранның_саясаты_аймақтың_бейбітшілігі_мен_қауіпсіздігін_қамтамасыз_ету
Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Кувейт Әмірінің ИИР Президентіне жіберген жуырдағы хатына тоқталып, ИИР саясатының әрқашан аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлық елдердің, әсіресе шекаралас мемлекеттер арасында қарым-қатынас орнату болғанын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 15, 2017 10:50 Asia/Almaty
  • Иранның саясаты – аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Кувейт Әмірінің ИИР Президентіне жіберген жуырдағы хатына тоқталып, ИИР саясатының әрқашан аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлық елдердің, әсіресе шекаралас мемлекеттер арасында қарым-қатынас орнату болғанын қуаттады.

ИРНА-ның мәліметінше, Мұхаммад Бақер Ноубахт сейсенбі күні: «ИИР әрқашан аймақ мәселелеріне британиялықтар мен басқа мемлекеттерді араластырудың орнына тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақ елдерінің өзара ынтымақтастық пен талпыныс жасауын қуаттады»,- деді.

Ноубахт сонымен бірге Израиль премьер-министрінің «Иран аймақта экстремистік әрекеттер жасауда» деген уәждері туралы: «Сионистік режимнен бос сөздерінен басқа еш нәрсе күтпейміз. Олардың уәждері құнсыз, тіпті көңіл бөлуге де тұрмайды»,- деп  мәлімдеді.

Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Астана келіссөздеріндегі Сирия туралы Ресейдің ұстанымдарын өзгерту бағытындағы талпыныстарына тоқталып: «Сионистік режимнің уәждері мен талпыныстарына қарамастан келіссөздер алға ілгерілеуде. Сионистік режим лаңкестерді қолдау бойынша Иран мен Ресейдің Сириядағы лаңкестікке қарсы стратегиялық ынтымақтастықтарының алдын алу үшін ештеңеден аянбауда»,- деді.