Саудиялықтар аймақтағы тұрақсыздықтың өртін өршіте түсті
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Сауд Арабиясының тақ мұрагері мен АҚШ-тың Иранға қарсы айтқан уәждеріне реакция білдіріп: "Саудиялықтардың өтірікке негізделген дипломатиясы аймақтағы соғыс пен тұрақсыздықтың отын өршіте түсті.
Аймақтағы тынышсыздықтарға толы соңғы жылдары Сауд Арабиясы аймақтағы ел ретінде тұрақтылық пен тыныштық орнатуда ешқандай рөл атқармай, керісінше Сириядағы лаңкестерге көмек көрсетіп, Йеменге қарсы соғыс бастап, соғыс пен тұрақсыздықтың отын өршіте түсті.
Мұхаммад бин Салман Сауд Арабиясының өзі қорғансыз Йемен халқына қарсы соғысты басқарушылардың бірі, Сирия, Бахрейн мен аймақ пен әлемнің басқа да мемлекеттерінде лаңкестік пен үрей тудырушы болып отырған жағдайда қатыссыз сөздерімен аймақтың басқа мемлекеттеріне лаңкестікке қолдау көрсетеді деп айып тағып отыр.
Аймақтағы лаңкестікпен күрес және тұрақтылық орнату бағытында талпыныс жасау тек аймақ мемлекеттерінің қалауы, ынтымақтастығы мен ортақ әрекеттестігі арқылы ғана нәтиже береді. Бұл бағытта Иран бейбітшілікті қалайтын белсенді ел ретінде аймақтық және тұрақтылық мақсатындағы кез-келген ынтымақтастыққа дайын",- деп мәлімдеді.