Иран – лаңкестер әрекеттерін іске асыра алмаған жалғыз мемлекет
Иранның Қауіпсіздік министрі: «Көптеген қысымдар мен кейбір мемлекеттердің инвестициясына қарамастан, Иран – Алланың көмегімен лаңкестер өз әрекеттерін іске асыра алмаған жалғыз мемлекет»,- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сейед Махмуд Алави сәрсенбі күні «Круз» кемесінің Киш аралына кіру рәсімінде Наурыз мерекесі мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнімен құттықтап: «Әлемнің әртүрлі жерлерінде көптеген дұшпандар исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзуға әрекет жасауда. Бірақ Алланың көмегімен барлық қастықтар залалсыздандырылды»,- деді.
Алави Ислам революциясы жетекшісінің сөздеріне сілтеме жасап: «Ислам революциясының жетекшісі наурыздық жолдауында Иран халқының өткен 1395-ші жылы тұрақты қауіпсіздікті бастан өткергендігіне тоқталды»,- деді.
Ислам революциясының жеңісінен кейінгі уақытта бірінші рет «Сани» атты круиздік кемелердің бірі Киш аралына кірді. Бұл кеме жеті қабаттан тұрады. Оның ұзындығы 176, ені 23 метр.