Иран президентінің қатысуымен Күрдістанның мұнай-химия кәсіпорны ашылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25490-Иран_президентінің_қатысуымен_Күрдістанның_мұнай_химия_кәсіпорны_ашылды
Иран президентінің қатысуымен 14140 млрд риал инвестиция салынған Күрдістанның мұнай-химия кәсіпорны ашылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 25, 2017 18:28 Asia/Almaty
  • Иран президентінің қатысуымен Күрдістанның мұнай-химия кәсіпорны ашылды

Иран президентінің қатысуымен 14140 млрд риал инвестиция салынған Күрдістанның мұнай-химия кәсіпорны ашылды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Күрдістанның мұнай-химия кәсіпорнын пайдалануға беру рәсімі сенбі күні президент Хасан Рухани мен Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане  және Күрдістан облысының бір топ басшыларының қатысуымен өтті.

Күрдістанның мұнай-химия кәсіпорнының жылына 300 мың полиэтилен өндіру мүмкіндігі бар. Кәсіпорын 129 гектар жерде салынып, оның бір бөлігі шикі мұнайдан алынатын  бензин, сұйылтылған газ және т.б. өнімдерін өндіру қалашығына арналған.

Күрдістан мұнайхимия кәсіпорнының бір ерекшелігі жұмыспен қамту және қосымша баға үшін шикі мұнайдан алынатын өнім өндіретін өнеркәсіптер қалыптастыруға мүмкіндік жасау болып табылады.

Рухани бүгін сенбі күні Иранның Күрдістан облысына жасаған бір күндік сапарында 21 маңызды жобаны ашуды және үш маңызды жобаның басталғанын жариялауды жоспарлап отыр.