Күрдістан облысы – Иран қорғанысының дұшпан алдындағы алынбайтын берік қамалы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25512-Күрдістан_облысы_Иран_қорғанысының_дұшпан_алдындағы_алынбайтын_берік_қамалы
Иран президенті Күрдістан облысын Иран қорғанысының дұшпан алдындағы алынбайтын берік қамалы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2017 11:31 Asia/Almaty
  • Күрдістан облысы – Иран қорғанысының дұшпан алдындағы алынбайтын берік қамалы

Иран президенті Күрдістан облысын Иран қорғанысының дұшпан алдындағы алынбайтын берік қамалы деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке Күрдістан облысының бір топ жастары және зиялы қауымымен кездесуінде этникалық топтардың алуандылығының қауіпсіздік қатері емес, қайта исламдық Иранда қауіпсіздік тудырушы, келісім мен ұлылығының қайнар көзі екенін баса айтып: "Үкімет Иранның бірлік, пікірлестік  және даму бағытын жалғастырады.

Күрдістан облысындағы темір жол бағыты елдің батысындағы шекараларға дейін, содан кейін Ирак пен Сириядан Жерорта теңізіне дейін жетуі тиіс. Осылайша, Күрдістан Иран темір жолы мен Жерорта теңізін байланыстырады",- деді.

Сонымен қатар, Иран президенті адами қабілеттерді Күрдістан облысының ең маңызды байлығы деп атап: "Бүгінде бұл облыстың дамуына барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер туып отыр.

Х.ш.ж.с.б. 1396 жылын жұмыспен қамту жылына айналдыру үшін барлық билік күштері, ұйымдар мен жеке сектор бірлесе отырып еңбек етуі тиіс",- деп қуаттады.

ИИР президенті сенбі күні Ираннның батысындағы Күрдістан облысына бір күндік сапары барысында 21 маңызды жобаны іске қосып,  3 маңызды жобаны жүзеге асырудың басталғанын жариялады.