Иранда шетелмен сауданы жеңілдету үшін 18 стандарт орындалды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25558-Иранда_шетелмен_сауданы_жеңілдету_үшін_18_стандарт_орындалды
Иран кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастықтар бюросының бас директоры Иранда шетелмен сауданы жеңілдету үшін 18 стандарттың орындалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 27, 2017 17:22 Asia/Almaty
  • Иранда шетелмен сауданы жеңілдету үшін 18 стандарт орындалды

Иран кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастықтар бюросының бас директоры Иранда шетелмен сауданы жеңілдету үшін 18 стандарттың орындалғанын хабарлады.

Хосейн Кахаки Иранның "Киото конвенциясына" қосылуы қажеттілігін қуаттап: «Иран кеден қызметінің жуықтағы ұйымдасқан жаңа шараларын әлемдік кеден ұйымы тіпті өзге елдердің кеден қызметі үшін да пайдалы бола алатын табысты тәжірибе ретінде ескеріп отыр.

Иранның кеден қызметінің соңғы жылдардағы бағдарламаларының бірі дәстүрлі жүйеге өзгерту енгізу болып табылады. Осы бағдарламалардың ең маңыздысы кеден қызметін жеңіл және үйлесімді ету негізінде Киото конвенциясына қосылу үшін қолайлы жағдай жасау болды» деді.