Нематзаде: Ресей Иран тауарлары үшін 140 миллиондық нарық болып табылады
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Нематзаде: «Ресейдің жалғыз өзі ғана Иран үшін 140 миллиондық үлкен нарық болып табылады әрі екі ел байланыстарын кеңейту үшін тиімді мүмкіндіктерге ие.
Иран мен Ресейдің екеуі де энергия өндіруші басты мемлекеттер саналады, бірақ құрылыс материалдары, үй жиһаздары мен кейбір шикізаттар Иранның Ресейге экспорттайтын тиімді мүмкіндіктерге жатады.
Иран президентінің Ресейге жасаған сапары барысында екі ел жолаушы вагондары мен метро вагондарын бірлесіп өндіру және бірге тікұшақ жасау мен өндіру негізінде келісті. Осы келісімдерді іске асыру мәселесі қарастырылады» деді.
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі сондай-ақ Иран президентінің Ресейге сапарының жетістіктері, әсіресе Иран тауарларының Еуразия нарығына енуіне алғышарт әзірлеу туралы: «Еуразия Одағына мүше елдер, соның ішінде Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Армениямен келіссөздер алдағы алты айдың ішінде нәтижеге жетеді» деді.