Иранның "Голсапуш" командасы әлем клубтарының жағалау футбол сайыстарының чемпионы болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25630-Иранның_Голсапуш_командасы_әлем_клубтарының_жағалау_футбол_сайыстарының_чемпионы_болды
Әлем клубтарының жағалау футбол сайыстарының алғашқы кезеңі Иранның орталығындағы Яздтің "Голсапуш" командасының чемпион болуымен аяқталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 30, 2017 17:48 Asia/Almaty
  • Иранның

Әлем клубтарының жағалау футбол сайыстарының алғашқы кезеңі Иранның орталығындағы Яздтің "Голсапуш" командасының чемпион болуымен аяқталды.

Өткен түні әлем клубтарының жағалау футболының қорытынды ойынында Яздтің "Голсапуш" командасы Португалияның «Спортинг Лиссабон» командасын 7:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Әлем клубтарының жағалау футбол сайыстары үш түн бойы Иранның өкілі ретінде Яздтің "Голсапуш" командасы мен еуропалық үш команданың, атап айтқанда Испанияның «Леванте», Португалияның «Спортинг Лиссабон» және Мәскеудің «Локомотив» командаларының қатысуымен Яздте өтті. Осы сайыстардың соңында Мәскеудің «Локомотив» командасы үш ұпаймен,  Португалияның «Спортинг Лиссабон» командасы екі ұпаймен екінші және үшінші орындарды иемденді.