Иран елшілігі Теһран-Баку байланыстарына сызат түсіру жолындағы кейбір арандатушылықтарға реакция білдірді
Нау 30, 2017 22:58 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасындағы Иран елшілігі: «Иран ислам республикасының Әзірбайжан республикасының жер тұтастығын қолдау жөніндегі тұрақты саясаты толығымен айқын» мәлімдеді.
Әзірбайжан республикасындағы Иран елшілігінің баспасөз бөлімінің жауапты басшысы Мұхаммад Реза Наджафи Әзірбайжан республикасы ақпарат құралдарының бір ирандық өнерпаздың Қарабақ аймағына сапары туралы мәліметіне көрсеткен реакцияда: «Сенім артуға болмайтын әрі бұрмаланған хабарлар Баку мен Теһран байланысына сызат түсіруді көздейді. Наурыз күндері Ираннан ешбір ресми өнер ұжымы Қарабаққа сапар шеккен жоқ» деді.