Иранның университеттерінде 50 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда
ИИР-ның Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Иранның университеттерінде 50 мыңнан астам шетелдік студенттің білім алып жатқанын хабарлады.
Хосейн Салар Амоли қазіргі таңда Иранда 52 мың шетелдік студенттің оқитынын айтып: «Солардың 23 мыңы Ғылым министрлігіне, қалған шетелдік студенттер әл-Мұстафа қоғамы, Азат исламдық университеті мен Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрлігіне қарайды»,-деді.
ИИР-ның Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Reuters-тің соңғы бағалауы бойынша, Иранның 13 университеті әлемнің ең үздік университеттерінің қатарында орналасқан»,-деді.
Салар Амоли, сондай-ақ, Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрінің ең маңызды халықаралық бағдарламаларының бірін әлемнің 100 ірі университетімен байланыс орнату деп атады.