Иран әлемдегі төртінші металға қажеттігін ішкі өндіріспен қамтамасыз етіп отыр
Оңтүстік Хорасан облысындағы магний зауыты Иранды магний кесектерін өндіруде өз-өзін қамтамасыз ете алатын деңгейге жеткізді.
Оңтүстік Хорасан облысындағы Фердоус қаласындағы магний зауыты Таяу Шығыстағы магний өндіретін жалғыз зауыт болып табылады.
Магний алынатын шикізат доломит тасы бұл аймақта жиі кездеседі. Фердоус қаласындағы магний зауытының алғашқы тиелімі алты ай бұрын Германияға жөнелтілген болатын. Қазір Ұлыбритания, Нидерланды, Чех Республикасы, Польша, Словения мен Үндістан осы зауыттың өнімін сатып алушы елдердің қатарын құрап отыр. Магний үшінші мыңжылдықтағы стратегиялық металл деп аталады. Бүгінде магнийдің жеңіл болуына байланысты көлік және ұшақ жасау өнеркәсіптері болат пен алюминийді осы металмен алмастырып жатыр.