Гуйа: Өткен жылы Иранда тырысқақ ауруының еш жайты тіркелген жоқ
Сәу 03, 2017 18:31 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігінің жұқпалы ауруларды басқару орталығының төрағасы Мұхаммад Мехди Гуйа: «Өткен 40 жылда әр жылы Иранда тырысқақ ауруының жайттары болған, бірақ өткен жылы осы ауруды бақылау мен сақтану шараларына байланысты бұрын-соңды болмаған жыл болып, елде осы аурудың еш жайты тіркелген жоқ» деді.
Тырысқақ – микробтық ауру. Оның қоздырғышы бактерия болып табылады. Ол әдетте лас су немесе тамақ арқылы адамның ас қорыту жүйесіне енеді. Оның маңызды белгісі іш өту болып табылады.
Тегтер