«Асман» компаниясы мен Boeing компаниясы арасында ұшақ саудасы туралы келісімге қол қойылды
Теһранда Иранның «Асман» компаниясы Boeing компаниясынан жолаушы тасымалдайтын Boeing 737 MAX 60 ұшағын сатып алу туралы келісімге қол қойды.
ИРНА ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, «Асман» әуе компаниясының қоғамдық қарым-қатынастар бөлімі: ««Асман» компаниясы мен Boeing компаниясы арасындағы келісімде техникалық және демеушілікке қатысты барлық мәселелер ескеріліп, белгіленген кезеңнен кейін ұшақтар Иранның «Асман» компаниясына тапсырылады. Осы келісім бойынша ұшақтар 2019 жылдан бастап, бірте-бірте «Асман» компаниясына тапсырылады» деп хабарлады.
Иранның әуе компаниясы Airbus-тан 80 ұшақ, Boeing компаниясынан 100 ұшақ және Франция-Италия ATR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойған болатын. Осы уақытқа дейін Иранға Airbus компаниясының үш ұшағы жеткізілді. Жақын арада ATR компаниясынан да үш ұшақ алынады.