Рухани Хорасан Разави облысында зізаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бұйырды
(last modified Thu, 06 Apr 2017 10:05:50 GMT )
Сәу 06, 2017 16:05 Asia/Almaty
  • Рухани Хорасан Разави облысында зізаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бұйырды

ИИР президенті Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысында сәрсенбі күні орын алған зілзалаға байланысты жауапты органдардың апаттан зардап шеккендер мен жарақат алғандарға көмек көрсету үшін тез арада тиісті шара қолдануына бұйрық берді.

Сәрсенбі күні Хорасан Разави облысының орталығы мен шығысында орналасқан бірнеше ауданда Рихтер бағамы бойынша алты балдық жер сілкінісі орын алып, соның салдарынан бір адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды.
ИИР президентінің ақпарат торабының хабарлауынша, Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Хорасан Разави облысының әкімі Әли Реза Рашидиянмен телефон арқылы сұхбаттасып, төтенше жағдайлар және құтқару күштерінің атқарған қызметі жайлы есебін тыңдап: "Қажет жағдайда апаттан зардап шеккендер мен жарақат алғандарға көмек көрсету үшін көршілес облыстардың мүмкіндіктері пайдаланылсын",- деді.