Иран – шетелдік босқындар мен мигранттарға көмек көрсетуде көшбасшы
Сәу 06, 2017 17:28 Asia/Almaty
Ирандағы Норвегияның Босқындар ісі ұйымы өкілдігінің басшысы Иран ислам республикасын шетелдік босқындар мен мигранттарға көмек көрсетуде әлемде көшбасшы деп атады.
Ирандағы Норвегияның Босқындар ісі ұйымы өкілдігінің басшысы Теһранның батысында Алборз облысы әкімшілігінің шетелдік азаматтар мен мигранттар ісі бас директорымен өткен отырыста: «Иран ислам республикасының көмегінсіз Таяу Шығыс аймағындағы босқындар ісі бойынша белсенді ұйымдар өз жобаларын орындауда табысқа жете алмайды» деді.
Алборз облысы көп жылдан бері көптеген шетелдік мигранттарды, соның ішінде ауғанстандықтарды қабылдап отыр.
Тегтер